Қарт ананың марқұм шалына жазған хаты…

0 35

Әәй, шалым! Соңғы кездері келіннің көңіл-күйі жоқ, тіпті шайымды да жартып бермейтін болды. Құдай-ау, құлақтарым да ауыр еститін боп жүр. Содан ба, әйтеуір не дегенін де дұрыс түсіне бермеймін. Дегенмен, бір нәрсені ішім сезеді. Олай дейтінім, келінім мына үйде тұрғанымды қаламайтын сияқты.

Өткен күндеріміз-ай?! Балаңды өзің де жақсы білесің, қой аузынан шөп алмайтын жуас. Байғұс бала қазір екі оттың ортасында қалып «Былай тартсаң, арба сынады, олай тартсаң, өгіз өледінің» күйін кешіп жүр, қайтсін енді?! Анасы атса, атылмайды, сатайын десе, сатылмайды. Жасырын келіп құшақтап қояды. Білесің бе, кеше кешкісін келіп бетімнен сүйді. Әйтсе де, мына қылығы маған ауыр тиді.

Ол енді маған ірімшік әкелуді қойды.
Тістерім жоқ қой, жеген кездегі жағымсыз дауыстан балалар жиіркенеді екен менен. Құдай-ау, бұл өтірік, мен олай істемеймін ғой. Келін бала немерелеріме ертегі айтып беруіме тыйым салды. Сенімен сөйлеседі деп қабырғадағы суретіңді де тығып қойды. Жарайды, бірақ қойнымдағы суреттен олардың еш хабары жоқ.

Мен оған теріс бата жасамаймын, себебі немерелерімнің анасы ғой. Өткенде жоғарыдағы көршілер келді. «Сөздерімізді естіп қоймасын» деп, есігімнің сыртынан құлыптап қойды. Сөздерін естімедім, ести алмадым, бірақ не дегендерін сездім. Келесі айда мені қарттар үйіне жібермекші екен. Несін айтайын, өте ауыр тиді. Шалым-ау, сен не дейсің?! Ұлыңның көзіне бір көрініп қойсаңшы! Әкесісің ғой, бәлкім сені тыңдап қалар.

Осы бөлмеде отыра берем, Құдай куә, ешқайда шықпаймын. Ұлымның тәтті әкелгенін де қаламаймын. Бұдан былай балаларға ертегі де айтпаймын. Әйтеуір мені осы үйден шығарып тастамаса болды.
Бәрі бітті, енді өзіңмен өткен күндер ұзап барады. Терезеге қарасам, бейнең көз алдымнан кетпейді. Есік тұтқаларында саусақ іздерің қалды. Аса таяғың әлі күнге қабырғада ілулі. Сонда бұлардың менімен тұрғылары келмейтіні несі?!

Таң қаламын… Әй, өтіп бір кеткен дәурен-ай! Мені қасыңа шақырсаң нетті! Әлде сен де мені ұмытып кеттің бе?!

Leave A Reply

Your email address will not be published.