Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты 5 мектеп республикалық «Ең үздік олимпиадалық 100 мектеп» қатарына еніп, өңір мерейін үстем етті.
Бұл жетістік – жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың жоғары деңгейдегі білім сапасы мен жүйелі дайындықтарының айқын көрсеткіші. Олимпиадалық білім бәсекесінде облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаттары үздік нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындар саны бойынша көш бастады. Сонымен қатар, Тараз қалалық білім бөлімінің Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы және Т.Рысқұлов ауданындағы №6 мектеп-гимназиясы да үздіктер қатарынан табылды.
Бұл табыстар – педагогтердің кәсіби шеберлігі мен оқушылардың білімге деген ынтасының нәтижесі. Жамбыл облысының білім беру ұйымдары жыл сайын республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді.