Сарысуда азаматтарды жеке қабылдау өтті

0 76

Сарысу ауданында аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерін ортаға салды.

Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау шаралары және өзге де әлеуметтік қамтуға қатысты мәселелерді көтерді. Әрбір өтініш жеке тәртіпте қаралып, тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалды.

Аудан әкімінің орынбасары Жұмат Жұмабекұлы тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша заң аясында түсініктеме беріп, әрбір өтініш назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Ол азаматтардың мәселелері тиісті бөлімдермен бірлесіп қарастырылатынын және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес шешу жолдары қарастырылатынын атап өтті.

Жеке қабылдау барысында тұрғындармен кері байланыс орнату, олардың өтініштеріне жедел әрекет ету және әлеуметтік мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстардың маңызы ерекше айтылды. Мұндай қабылдаулар халық пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы ашық диалогты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сарысу ауданында азаматтарды қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл тұрғындардың өз мәселелерін тікелей жеткізуіне және оларды шешу жолдарын бірлесе қарастыруға жағдай жасайды. Кездесу соңында көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.