Таразда «Тарихи өлкенің тазалығы» экологиялық акциясы өтті

0 46

Бүгін Тараз қаласындағы «Қазақ хандығы» монументі аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Тарихи өлкенің тазалығы» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.

Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.

Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды күтіп ұстау, туған өлкенің табиғатына деген жанашырлықты арттыру, жастар арасында экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. Сонымен қатар бастама қоғамда тазалық мәдениетін насихаттап, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын кеңінен дәріптеуге бағытталған.

Экологиялық шараға жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен мамандары, еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қатысушылар «Қазақ хандығы» монументінің аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтірді, жасыл желектерді тазалап, абаттандыру жұмыстарына белсене атсалысты. Жиналған қоқыстар арнайы белгіленген орындарға шығарылып, тарихи нысанның айналасының санитарлық тазалығы қамтамасыз етілді.

«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны тазартумен ғана шектелмейтін, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қоғамдық бастама. Мұндай игі шаралар әрбір азаматтың туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қоса алатынын көрсетіп, жастардың қоғамдық белсенділігі мен экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тарихи және мәдени маңызы зор «Қазақ хандығы» монументінің аумағын таза ұстау – ортақ міндет. Осындай сенбіліктер тарихи мұраға құрмет көрсетудің, қоғамдық кеңістікті күтіп ұстаудың және экологиялық мәдениетті нығайтудың жарқын үлгісі болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.