Таразда ерекше жандарға арналған концерт өтті

0 44

2026 жылдың 7 қазаны күні Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығында Мүгедектігі бар адамдар күніне арналған «Өмірге құштар жандар» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Шараның ойдағыдай өтуіне «Қоғамдық келісім» мекемесінің “Мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру” бөлімі атсалысты.
Мерекелік кеште аталған орталық тұрғындарына өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті. Атап айтқанда, «Zaman dance» би ансамблі «Қазақ» және «Өзбек» билерін орындаса, Беларусь этномәдени бірлестігінің «Пламя» вокалдық ансамблі «Туған жер» әні мен попурри шырқады. Сондай-ақ, Қалижан Саркеев «Самға қазақ» әнін орындап, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында қатысушылар өнерпаздарға зор алғыстарын білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.