ЕО өкілі санкциялардың Қазақстан экономикасына әсері туралы пікір білдірді

0 7

Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррель Ресейге қатысты санкцияның Қазақстанның экономикасына ықпал етуі мүмкіндігі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресейге қарсы санкциялар РФ-тің соғысты қаржыландыру әлеуетін әлсірету үшін арнайы жасалған. Сондықтан бұл санкция басқа елдерге бағытталмаған. Олар ауыл шаруашылығы мен тыңайтқышқа бағытталмаған,яғни бұл өнімдерге санкция салынбайды. Бұл тұрғыда біздің санкциялар әлемді азық-түлікпен қамтамасыз етуге кедергі жасайды деген қауесет шындыққа жанаспайды», — деді Ж. Боррель Ақордада тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, санкциялардың салдарын мұқият пысықтау керек. Сонымен қатар ол санкциялар логистикалық факторларға әсер етпеуі керек деп санайды.

«Біз кеше аса ұқыптылықпен шешкіміз келетін нақты мәселелер туралы өте нәтижелі пікірталас өткіздік. Егер іліспе түрде қандай да бір елдерге залал келтірілсе, біз бұл шығындардың орнын толтыруға тырысамыз» — деді Ж. Боррель.

Айта кетейік, бүгін Ақордада ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Ж. Боррелл мен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары–Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді баспасөз мәслихатын өткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.