Қор биржасында доллар 5 теңгеге арзандады

0 2

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,42 теңгеге арзандап, 540,78 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 546,36 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 539,84 теңгеден сатып алынады, 542,26 теңгеден сатылады. Еуро 611,43 –616,40 теңге, ал рубль 6,59 – 6,72 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 538,41 теңгеден сатып алынады, 545,39 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу — 615,44 теңге, сату — 625,39 теңге;

– рубль: сатып алу 6,60 теңге, сату — 6,77 теңге.

Еске салайық, 30 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,09 теңгеге қымбаттап, 546,36 теңге болды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.