Қазақстандықтар Ұлттық Банк ноталарын 7 миллион теңгеге сатып алды

0 13

Invest Online жүйесінің бірінші аптасында қазақстандықтар 78 мыңнан астам бағалы қағаз сатып алды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлттық Банк мәліметінше, 2 сәуірде тіркелген пайдаланушылар саны 447-ге жеткен. Есептік кезеңде қазақстандықтар 7,22 млн теңгеге 78,2 мың нота сатып алды.

27 наурызда Ұлттық банкт басшысы Данияр Ақышев Invest Online жүйесі арқылы халыққа реттеу ноталарын сату басталатынын жариялаған болатын. Бағдарламаның басында нота құны 92,1 теңге, ал жылдық кіріс деңгейі 8,5% болды.

Ақышев Ұлттық Банк бұл жүйені халықтың смартфон арқылы қаржы құралдарымен жұмыс істеу қаншалықты қызықтыратынын түсіну үшін іске асырғанын айтты.

«Біз нарықты басып алуға ниет білдіріп отырған жоқпыз. Қазір халық Ұлттық Банк ноталарын сатып ала алады. Клиент банкке немесе брокерлік компанияға келіп, сол құжаттарды алуына болады. Жалпы, біз бұл жобаны ақша жинау үшін жасаған жоқпыз. Біз бұл жобаны халықты смартфон арқылы қолжетімді қаржы құралдарымен жұмыс істеу қаншалықты қызықтыратынын түсіну үшін жасаймыз. Реттеуші бұл бағдарламаны бағалы қағаздар нарығында іске қосып көргісі келеді. Өкінішке қарай, бізде басқа эмитент жоқ, сондықтан ноталармен айналысуға шешім қабылданды », — деп түсіндірді Ақышев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.