Астанада көңіл көтеру орындарында 50-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

0 12

Астана қаласының полицейлері ағымдағы жылдың 29-31  наурызында қала аумағының көңіл көтеру орындарында құқық бұзушылықтың алдын-алу,  ескерту сондай-ақ  жолын кесуге бағытталған іс-шараларды өткізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жедел алдын-алу іс-шарасын өткізу барысында күзет фирмаларының қызмет заңдылығы, сондай-ақ тиісті лицензияларының, бейнебақылау  камералары мен сигнализацияларының бар-жоғы тексерілді. Сонымен қатар, ювеналдық полиция қызметкерлері ойын-сауық орталықтарында кәмелет жасқа толмаған балаларды анықтау жұмыстарын жүргізді», — делінген хабарламада.

Бұдан бөлек хабарламада жедел алдын-алу іс-шарасының қорытындысы бойынша аумақтағы абаттандыру ережелерін бұзу, жеке қоғамдық орындарда  темекі шегу сынды тәртіп бұзушылықтар мен ҚР көші-қон заңнамасын бұзғандарды анықтау бойынша жалпы 48 әкімшілік құқық бұзушылық анықталғаны айтылған.

Мекеме директорлары Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің күзет ұйымдарына қатысты «Күзет қызметі туралы заңдары» бойынша нормативтік құжаттарымен таныстыру жұмыстарын жүргізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.