«Тұлпар-Тальго» пойыздарының 8 бағыты бойынша билет бағасы 50 пайызға арзандайды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Тұлпар-Тальгоның» 8 бағыт бойынша қатынайтын пойыздарына көктемгі жеңілдіктер жасалады. Ал 27 сәуір мен 1 мамыр және 4-9 мамыр аралығында жеңілдіткер болмайды.
Көктемгі жеңілдіктер мерзімінде «Алматы – Атырау» №035/036, «Алматы — Өскемен» №045/046, «Алматы – Орал» №049/050, «Астана – Қызылорда» №089/090, «Астана — Орал» №095/096, «Ақтөбе – Астана» №097/098, «Алматы – Астана» №701/702 және «Шымкент – Астана» №709/710 бағыттары бойынша қатынайтын пойыздардың билеті 10-нан 25 пайызға дейінгі жеңілдікпен сатылады.
Сонымен қатар билетті 45 тәулікке дейін алдын ала сатып алған жолаушыларға 35 пайыз жеңілдік қарастырылған.