Ауданда алдағы жылы 10 елдімекенге таза ауыз су, 7 ауылға газ жеткізу үшін жобалық-сметалық құжаты жасалып, халықты таза ауыз сумен және көгілдір отынмен қамту көлемін 10-20 пайызға арттыру жоспарлануда, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында бес елді мекенде (Қошқарата, Көлтоған, Ертай, Шақпақата, Т.Дүйсебайұлы) ауыз су құрылысы жүргізілуде.
Бүгінде аудандағы 49 елдімекеннің 25-і, яғни 51 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал қалған 19 елді мекеннің ішінде 10 елді мекенге (Қоңыртөбе, Бәйтерек, Жаңаталап, Ақтоған, Кәріқорған, Тасбастау, Рысбек батыр, Түктібай, Ақтөбе, Бақалы) ауыз су құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, сараптама қарауына ұсынылған. Бұл жоспарлы жұмыстар мәресіне жеткенде аудандағы елдімекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету 61,2 пайызды құрайтын болады.
Газдандыру бойынша 2019 жылы жалпы құны 2,6 миллиард теңгені құрайтын Қошқарата бағытындағы 15 елдімекенге табиғи отын жеткізу жұмысы қолға алынған еді. Бүгінгі таңда 7 елді мекенге газ құбыры тартылды. Яғни, ондағы газға қосылуы тиіс 486 ауланың 263-і үйіне газ кіргізілген. Биыл 7 елді мекенге (Қаратас, Ертай, Көлтоған, Рысбек батыр, Ақтасты, Қошқарата, Қызтоған) газ кіргізу мақсатында бюджеттік өтінім берілді. Ауданда 49 елді мекеннің 38-і газдандырылып, ол 77 пайызды құрады.
Ауданда жер кезегінде тұрған азаматтардың саны – 2879 адам. Өткен жылы 244 адамға жер телімдері берілсе, биыл 170 адамға жер берілді.
Жеке тұрғын үй салушылардың есебінен жалпы алаңы 7 айда 8 391 шаршы метрге құрайтын тұрғын үйлер аула құрылыстарымен бірге қабылданып (2020 жылы 7 252 ш.м.), ол 115,7 пайызға орындалған.
— Алда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейлі мерекесі келе жатыр. Осы ретте Тәуелсіздгіміздің нығаюына үлес қосу әрқайсымыздың міндетіміз. Өңір халқы да Президент Жолдауларында айтылған міндеттерді межеге алып жұмыс атқаруда. Алда атқарылатын жұмыстар өте көп. Мемлекеттің сындарлы саясатын басшылыққа ала отырып атқарып жатқан жұмыстарымыздың барлығы халықтың игілігіне бағытталуы тиіс деп білемін. Осы жолда Жуалы жұртшылығы бар ынта-ықыласымен аянбай еңбек ете беретін болады, — дейді аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы.