ZHAMBYLNEWS — ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өскелең ұрпаққа қазақ халқының тарихи-әдеби мұрасын дәріптеу мақсатында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Жамбыл облысының білім беру ұйымдарында 27 қыркүйек-5 қараша аралығында ұйымдастыру жоспарлануда. Байқауға облыстағы білім беру ұйымдарының 6-10 сынып оқушылары қатысады. Бүгінгі күні байқауға қатысуға 185 мектептен, 681 оқушы мен 478 мұғалімнен сұраныс түсті.
Облыста байқау 3 кезеңнен (мектепішілік, аудандық/қалалық, және облыстық) өтеді.
Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау, өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау, оқушыларды халық поэзиясына, асыл мұраға деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің беделін арттыру.
Байқауды ұйымдастырып өткізуге, марапаттау рәсіміне барлығы 10,8 млн.теңге қаржы қарастырылған. Оның ішінде марапаттау рәсіміне 7,2 млн.теңге бөлінді. Жеңімпаз оқушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Аудандық, қалалық кезеңде — 1-орын – 150 мың теңге, 2-орын – 100 мың теңге, 3-орын – 50 мың теңге.
Барлық аудандар және Тараз қаласы бойынша жеңімпаз оқушыларға барлығы — 3,300 млн. теңге.
Облыстық кезеңде — оқушылар
1-ші орын – 750 000 теңге
2-ші орын – 350 000 теңге
3-ші орын – 200 000 теңге
Жеңімпаз оқушыларға 1,300 млн. теңге болса, облыстық деңгейдегі жеңімпаз оқушылардың мұғалімдеріне арналған ақшалай сыйлықтар: 1-ші орын – 1 500 000 теңге, 2-ші орын – 700 000 теңге, 3-ші орын – 400 000 теңгені құрап отыр. Жеңімпаз мұғалімдерге 2,6 млн. теңге.