Аса ауылында ұлдар арасында волейболдан аудандық іріктеу турнирі өтті

0 20

Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы дене шынықтыру–сауықтыру спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай волейболдан 2005-2007 ж.т жасөспірім ұлдар арасында аудандық іріктеу турнирі өтті, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Жарысқа барлығы 6 команда, 60-қа жуық спортшы қатысып, өзара бақ сынасты.

Нәтижесінде «Б.Момышұлы» командасы І-орын, 1 орта мектебі командасы ІІ-орын, Аса (ФОК) командасы ІІІ-орынды иеленді.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі дайындаған тиісті дәрежедегі медаль және дипломмен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.