Тұрар Рысқұлов ауданының үш бірдей ауылында мәдениет үйі күрделі жөнделуде

0 19

Тұрар Рысқұлов ауданының үш бірдей ауылында мәдениет үйі күрделі жөнделуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Түрлі сала бойынша жүріп жатқан мұндай жұмыстардың ішінде құландықтардың игілігі үшін қызмет ететін аудан орталығындағы М.Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуге «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасына сәйкес 65,5 млн. теңге бөлінген.

1965 жылы салынған бұл ғимаратта соңғы рет 2010 жылы 33 млн 820 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мердігер ұйым «Нұр Тұрсын» ЖШС жөндеуді сәуір айында бастаса, қазан аяқтауды көздеп отыр. Қазір ішкі жұмыстары да аяқталуға жақын. Мәдениет үйінің директоры Нұрдос Базарқұловтың айтуынша, залға осы заманғы жұмсақ орындықтар қойылып, сахна жаңартылды. 240 орындық залда енді түрлі шаралар өтетін болады.

Сонымен қатар Құлан ауылындағы тағы бір мәдениет үйі және Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйі «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтіп, жаңартылуда.

1968 жылы ірге көтерген «Сұлутөр» кинотеатры (1065 шаршы метр) ретке келтіруге 58 млн. астам теңге бөлінген. Мердігері — «Али-Сервиз» ЖШС. Кинотеатрдың бір бөлмесіне 2020 жылы жергілікті жерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша   жұмыс жоспарына сәйкес  «Караоке» клубын ашу бойынша «Сұлутөр» кинотеатры   караоке жабдықтары алынып, пайдалануға берілген болатын. Алдағы уақытта ғимарат жөндеуден кейін 100 орындықты заманауи  технологиямен  аудан жұршылығының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында кинофильмдер көрсетелітін болады.

1976 жылы салынған  Қарақыстақ  ауылдық  мәдениет үйін (1888 шаршы метр) жөндеуге 54,776 млн. теңге қаралған. Мердігері — «Өркен Сервис» ЖШС. Аталған нысанда соңғы рет 2009 жылы 127500,0 теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Бұл мәдениет ошақтарында жас таланттардың өсіп жетілуі мен шығармашылық дамуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Ал құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған, яғни Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай аталған нысандар қайта пайдалануға беріледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.