Асалық тұрғын мәселесін әлеуметтік желі арқылы реттеді

0 8

«Сөзден-іске» көшсек, жуырда Жамбыл ауданы Аса ауылындағы Қойгелді көшесінің тұрғындары әлеуметтік желіде тұрғын үйге газ тарту жұмыстары тиянағын таппай жатқанын, ауа райы күннен-күнге суытатыны туралы Жамбыл ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасына сауалын жолдаған болатын , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Өтініштің мән-жайын анықтау мақсатында Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов пен «ҚазТарнсАймақ» АҚ-ның аудандық филиалының мамандары зерделеу жүргізіп, азаматтардың сұранысын толықтай қанағаттандырды.

Өз кезегінде газды қолданып отырғаны туралы бейнефотоны кері жолдаған қойгелділіктер жедел әрекет еткен басшыларға аналық алғысын білдіріп, ризашылығын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.