Ауыл шаруашылығы саласына жаңа 134 техника алынды

0 8

Тозығы жеткен ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары Жуалы ауданында қарқынды жүргізілуде. Ауданда агроқұрылымдар мен шаруашылықтарда барлығы 1596 дана техниканы құрайды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ауыл шаруашылығы саласы асыраушы саланың бірі болғандықтан атқарылған жұмыстар да ауқымды. Жалпы ауданымызда ауыл шаруашылығы жерлері 216 306 га, оның ішінде  95 449 га егістік, (жалпысуармалысы 8 719 га, оның ішінде суармалы егістігі  8460 га.) Шабындық 2 046 га,  Жайылым  114 559 га, көп жылдық екпелер 265 га, басқа да жерлер 2 128 га. 2021 жылдың өнімі үшін 59 090 га алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары   егілді. Оның ішінде: 2021 жылдың өнімі үшін   29 076 га арпа, 3 705 га көп жылдық шөп (100%),  22 071 га  майлы дақылдар, 707 га көкөніс, 10 га бақша,  2 660 га картоп (100 %), жүгері 861 га. Барлығы 59 090 га, 101% орындалып отыр. 2020 жылмен салыстырғанда 2208 гектарға артық орындалды. Техникаларға тоқталар болсақ ауданымызда жалпы саны 1596 техника   болса оның  627 трактор, 185 комбайн, 784 тіркемелер тіркелген. Биылғы жылы 966 миллион теңгеге 134 жаңа техникалар алынды. Оның ішінде 1 астық комбайыны мен 50 трактор болса, қалған 83-і басқада техникалар. Үстіміздегі жылы 159 жаңа техника алу жоспарланып отыр,дейді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Рахымғазы Куньязов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.