Талас ауданы, Қаратау қаласы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Әнебеков Жанұзақ Рысбекұлы және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Широва Жанар Асылбековнаның ұйымдастырумен «Біз діни экстремизмге қарсымыз» тақырыбында дәріс өткiзiлдi , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Өткізілген дәрістің мақсаты—оқушыларға экстремизм, терроризм терминдері жайлы түсінік беру, ҚР лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері туралы және олардың қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру, келер ұрпақтың өмір қауіпсіздігіне, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.
Жанұзақ Рысбекұлы тақырып бойынша дәріс оқып, жастардың сана-сезіміне діни ағзалардың әсері мен бейтараптылығын түсіндіре отырып, бөтен заттар мен адамдарға абай болуға шақырды. Сонымен қатар, теолог маман экстремизм мен лаңкестік тұжырымдамасының мәнін толық ашып көрсетті. Дәріс қорытындысы бойынша мектептің 9-11 сынып оқушылары терроризм мен экстремизмнің алдын алу туралы сауалдарына толыққанды ақпарат алды.