Айшабибі ауылында тұрғындардың өтініші бойынша облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей бастамасымен соғылып жатқан 300 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмысын көрді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Мектептің құрылысына республикалық бюджеттен 1 млрд 436 млн 139 мың теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «ТАРАЗСТРОЙ-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бүгінде іргесі қаланып, қабырғалары көтерілген білім ордасы келесі жылы пайдалануға беріледі.