Талас ауданында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 587,59 шақырымды құрайды

0 14

Талас ауданы  аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 587,59 шақырымды құраса,  оның ішінде   394,1 шақырым облыстық маңызы бар 6 облыстық жол және  193,49 шақырым аудандық маңызы бар 19 аудандық жол бар , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сондай ақ, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 2021 жылы Ақкөл ауылындағы 19 көшесі 15,6 шқ жолды орташа жөндеу жұмыстарына 273 142,0 млн.теңге бөлініп, ағымдағы жылдың 20.07.2021 жылы жөндеу жұмыстары басталып, нысан 20.10.2021 жылы аяқталды .

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша  «Қожағаппар ауылына кіре беріс» 2,35 шқ. орташа жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындысына сәйкес жеңінпаз болып «Тараз Көлік Жолдары» ЖШС анықталды. Келісім шарт суммасы 40 500,0 мың теңге. 16.09.2021 жылы жөндеу жұмыстары басталып, нысан 16.10.2021 жылы аяқталды .

Айта кетейік, «Сейілбек ауылына кіре беріс» 0,35 шқ. орташа жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сату алу қорытындысына сәйкес жеңінпаз болып «Көпбосын» ЖШС анықталды. Келісім шарт суммасы 9 774,4 мың теңге. Келісім шартқа сәйкес құрылыс жұмыстары 26.09.2021 жылы басталып, 26.10.2021 жылы толық аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.