Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бәйтерек ауылында «Тәуелсіздік – ән-жырым!» тақырыбында Ақтөбе ауылдық округінің күндері өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Шараға аудан әкімі О. Қаржауов қатысып, жеке кәсіпкерлердің асыл тұқымды Дон жылқысы және амрокс және адлер етті бағытта сәнді брама тауықтарын және мүйізді ірі қара Голштейн бұқаларын өсіру жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін аралап, әрі қарай қаз қатар тізілген ауыл шаруашылығы техникалырын «Атамекен-Бастау» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Зайырбек Сұлтанмұратов таныстырып өтті.
Мерекелік кеш «Томирис» би тобының қазақы нақыштағы мың бұрала билеген әсем биімен ашылып, ауылдық округтің жыл қорытындысымен ауылдың дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан бір қатар ауыл азаматтары алғыс хаттармен марапатталды.
Кеш соңы әсем әнмен жалғасын тапты.