Үстіміздегі жылы «Ауыл ел бесігі» жобасымен Ақкөлдегі 19 көше орташа жөнеуден өтті. Оған 273 142,0 млн.теңге бөлініп, жұмыстар шілде айында басталған болатын , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Үш ай ішінде жеңімпаз болып танылған мердігер «Югдорстрой» ЖШС-гі жұмыстарды толық аяқтап тұрғындардың алғысына бөленді.
-Ақкөлдің аудан орталығы болғанын білесіздер. Соңғы жылдары көңіл бөлініп көркейіп келеді. Биыл міне көшелеріміздің барлығы жөндеуден өтті. Бұл алдымен ауыл тұрғындарына жасалған жақсылық деп білеміз,-дейді ақкөлдік тұрғындар.
Жалпы аудан аумағында автомобиль жолдарының ұзындығы 587,59 шақырым болса, оның 394,1 шақырым облыстық маңызы, 193,49 шақырым аудандық маңызы бар жолдардың еншісінде.