Талас ауданында «Көктал су құбырын салу» нысаны жүзеге асырылады

0 6

«Талас ауданы Қаратау қаласына арналған Көктал су құбырын салу» нысаны «Нұрлы жер 2020-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сондай ақ жоба бойынша құны – 2 848 273,0 мың теңге. Бас мердігер – «Таразстрой – 2004» ЖШС-мен келісімшарт жалпы 2 441 102,2 мың теңгеге рәсімделді. Техикалық қадағалаушы «КазСнабстрой и СК» ЖШС, келісімшарт құны – 61 163,2 мың теңге. Авторлық бақылаушы – «Проект мастер групп» ЖШС, келісім шарт құны – 22 164,0 мың теңге.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға рұқсат талоны 09.04.2020 жылы берілген. Сараптама бойынша құрылыс мерзімі 13 ай.

2020 жылы 263 333,0 мың теңгеге және  2021 жылы 1 716 516,0 мың теңгеге жұмыстар атқарылды. 2022 жылға келісімшарт бойынша қалған сомасы – 544 561,0 мың теңге.

Су құбырының ұзындығы – 33,4 шқ құрайды. Құрылыс нысаны бойынша Көктал су қоймасына 4 су құбыры қазылады. оның 2-уі – 270 метр тереңдікте, 2-уі – 170 метр тереңдікте.

Айта кетейік, Талас ауданы, Көктал ауылдық округі жерінде Қызыләуіт ауылдық округіндегі «ЖЭС» электр желілеріне жаңадан салынып жатқан «Еламан» ШҚ-н қосуға арналған құрылысы бойынша «Бизнеске арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Еламан» ШҚ-на электр желісін тарту бойынша «CONDOR KZ» ЖШС-мен 15.09.2021 жылы №65 келісім шарт рәсімделіп жұмыстар атқарылуда.

Жоба бойынша құны 85 090,4 мың теңге. Техикалық қадағалаушы «АКГЕМ-СТРОЙ» ЖШС, келісімшарт құны – 2 603,8 мың теңге. Авторлық бақылаушы – «НС ГеоСтройПроект» ЖШС, келісім шарт құны – 945,5 мың теңге.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға рұқсат талоны 22.09.2021 жылы берілген. Сараптама бойынша құрылыс мерзімі 4 ай.

Бүгінгі таңда жалпы құрылыс жұмыстарының 76,6 пайызы аяқталып, 67 869,0 мың теңгесі игерілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.