Талас ауданында Қаратау қаласына арналған Көктал су құбырын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған нысан «Нұрлы жер 2020-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жобаның жалпы құны – 2 848 273,0 мың теңге. Бүгінгі таңда бас мердігер – «Таразстрой – 2004» ЖШС-мен 2 441 102,2 мың теңгеге келісімшарт рәсімделген.
Құрылыс жұмыстары 13 айға созылады деп жоспарлануда. Өткен жылы 263 333,0 мың теңге игерілсе, биыл 1 716 516,0 мың теңгеге жұмыстар атқарылды.
Су құбырының ұзындығы – 33,4 шқ құрайды. Құрылыс нысаны бойынша Көктал су қоймасына 4 су құбыр қазылады. Оның екеуі – 270 метр тереңдікте, екеуі – 170 метр тереңдікте.