Жуалы ауданында «Pfizer» екпесінің 30 дозасы салынды. Аудандық орталық аурухананың мәліметінше өткен аптада жеткізілген 30 доза «Pfizer» екпесінің бүгінде 29-ы жасөспірімдерге, 1-уі бала күтіміндегі анаға салынды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Аудандық ауруханаға «Pfizer» екпесінің келгенін естіп келген емізулі әйел, аудандық орталық аурухананың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау және бақылау бөлімінің басшысы Эльмира Каипбаева да вакцинаны еш үрейленбестен және алып-қашпа әңгімелерге ермей, бірауыздан келісім беріп, салдырған жөн екенін айтады.