Жуалы ауданында «Еңбек адамы» атты салтанатты жиын өтті

0 24

Жуалы ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Еңбек – елдің мұраты» аталатын арнайы жоба аясында «Еңбек адамы» атты салтанатты жиын өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова және ұзақ жыл бір салада еңбек еткен аудан, ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова ашып, жүргізіп отырды. — Қоғам дамуының да, адамзат өркениетінің де өзегі өнімді еңбек екені белгілі.

Әлемнің әміршісі – еңбек. Ал жеке адамның өмірінің алтын арқауы да осы маңдай тер, табанақы, адал еңбекпен өрілетіні анық. Құрылысшы болмаса, құрылыстың да бітпей қалатыны белгілі. Демек, бұл адамдар мен түрлі салалардың бір-бірімен ұштасатынының айғағы.

Ал, ауданның, елді мекеннің дамуына елеулі үлес қосып, өрелі істер атқарып, қызметін абыройлы атқарып жүрген азаматтардың еткен еңбегі мен төккен терін бағалау баршаның міндеті, — деді Анар Садыққызы. Жиында 41 жыл жолаушылар көлігінің тасымалдаушысы болып жұмыс Одан кейін аудан әкімі Олжас Қаржауов және облыс әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов бір топ азаматтарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне арналған мерекелік медалімен, «Халық алғысы» медалімен, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, облыс әкімінің Алғысхатымен, аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғысхатымен марапаттады.

Сонымен қатар, еліміздің, оның ішінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарға «Жуалы ауданының Құрметті азаматы» атағын аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков табыстады. Бұл құрметті атаққа ардагерлер Мақсатбек Байболов пен Ғабит Тұрысбеков, «Зылиха» ШҚ басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Керімқұл Бегалиев істеген Алиакпар Тоқтаев, 22 жыл ХХII Партсъезд колхозында шопан болған Баймен Әбіқадыров, 30 жыл шопан, малшы болған Айсұлу Әтеева, Өтеген Оразалиев, 33 жыл «Бурное сүт компаниясында» сүт өндірісінің бас шебері Елена Карлюга, 21-22 және 30 жыл қарауыл болған Ғабит Байдәулетов, Уәлихан Балтабаев, Н ұ р ж і г і т Тау ба л д и е в , Б а й ж і г і т Жұмағұлов, 30-31-36 және 23 жыл еден тазалаушы болған Сәрсекүл Бикетова, Баршагүл Әмірқұлова, Қанымкүл Досова, Галина Шинкарева, Бақыткүл Малдыбекова, Әсия Оразбаева, 23 жыл вахретшы болған Бибісара Мәуленқызы марпатталды. Сонымен қатар, 23 жыл ұстаздық еткен Валентина Чистякова, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамт у орталығының Нұрлык ент ауылдық округіндегі ассистенті болып жұмыс істеген Роза Қартбаева, 23-38 жыл көлік жүргізуші болып жұмысын мінсіз атқарған Бегдана Заурбеков, Байрам Аллахвердиев, 28 жыл есепші болған Есенхан Құрмашев, 17 жыл орманшылықпен айналысқан Қалымхан Қолақанов және 40 жылын етік тігуге арнаған Сергей Греков марапатталды.

Еңбек адамдарының барлығына гүл шоқтары және сыйлықтар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.