Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесу өтті

0 18

Агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына жүргізілген талдау қорытындысын ақпараттандыру бойынша Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесу өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, Жамбыл ауданының әкімі С.Арубаев, департаменттің Превенция басқармасының басшысы Д.Омаров, Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы С.Жарасбаев, кәсіпкерлер Палатасының Жамбыл аудандық филиалының директоры Н.Қуанышбеков, «Nur Otan» партиясының өкілдері, фермерлер, ауыл шаруашылығы өндірушілері, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында ауданда ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар, агроөнеркәсіп кешеніне бөлінген субсидияларды игеру барысы, кәсіпкерлер Палатасы тарапынан ауыл тұрғындарына көрсетілген қызметтер туралы кеңінен баяндалып өтті.
Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Д.Омаров кездесу барысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына жүргізілген ауқымды талдау нәтижесінде анықталған кемшіліктер, фермерлерді алаяқтық жолмен алдау фактілері туралы кеңінен баяндап, кәсіпкерлерді қол сұғушылықтан сақтау, әр түрлі алаяқтық жолмен субсидия алудан қорғау жолдары туралы және субсидия алудың тәсілдері бойынша кеңінен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.

Департамент басшының бірінші орынбасары Б.Ниязов аудан тұрғындарына субсидия алу барысында қандай да бір күмән келтіретін жағдайлар, алаяқтық әрекеттер, немесе кәсіпкерлердің құқығына қол сұғушылық әрекеттер орын алған жағдайда тиісті құзырлы органдарға дер кезінде хабарлау керектігін айтып өтті.
Аудан әкімі С.Арубаев осы бағыттағы түсіндірме жұмыстары барлық ауылдық округтерде фермерлер мен ауыл шаруашылығы өндірушілері және ауыл тұрғындары арасында кеңінен жүргізілетінін жеткізді.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.