Қолды болған бірнеше дана қару-жарақ табылды

0 17

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қала аумағындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен жасырылған атыс қарулары табылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

— Арнайы жүргізіліп жатқан іс-шаралар барысында «Калашников» маркалы бір автомат, «Streamer» маркалы 1 бірлік травматикалық тапанша, 1 дана оқжатар мен 1 жарық-шулы граната тәркіленді. Анықталған қару-жарақтарға қатысты сот-баллистикалық сараптама тағайындалды»- деп хабарлады Тараз қ. Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асылхан Заурбеков.

Тараз қ. Полиция басқармасы қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.