Қалада қаңғыбас иттер қаптап жүр. Бұл мәселені Тараз қаласының тұрғыны Роза Қалдыбекова фейсбук парақшасында көтерді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Парақшаға салынған бейнекөріністе қоқыс жәшігі жанында топтасқан бірнеше ит көрінеді. Автор мұндай көріністі әр қоқыс жәшігі жанынан жиі кездестіруге болатынын, иесіз иттердің жалғыз-жарым жүрген жаяу адамға, велосипед тебушілерге шабуыл жасайтынын, түнде қатты ұлитынын жазған. Топтасып жүрген иттердің арасында қарғыбауымен жүргендері де бар.
Бірақ, топтасып алған иттер өте агрессивті және жұқпалы аурулары болуы мүмкін. Олар күннен күнге көбейіп жатыр және қарттар мен балалар үшін қауіпті. Бұл мәселені тезірек шешу керек, — дейді тұрғын.