Ардагерлер аудан тұрғындарымен кездесті

0 13

Облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған ақпараттық насихаттық топ Талас ауданының Берікқара ауылдық округіне барды. Онда Майтөбе аулының тұрғындарымен кездесу өткізіп, Президент мәлімдемесін насихаттады.

Кездесуде облыстық ардагерлер кеңесі Жамбыл облыстық әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың мәлімдемесінен туындайтын міндеттер туралы облыстық Мәслихат хатшысы М.Н.Сарыбековтың, облыс ардагерлерінің, облыс әкімдігінің жастар саясаты, облыс әкімдігінің білім басқармасы басшыларының қатысуында кеңінен талқылау өткізіп, қабылданған «Ұсыныс» бойынша халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге Талас аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұман Әсемов, Майтөбе ауылдық округінің әкімі Смайлов Ербол және ауыл ардагерлері қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.