Шу аудандық мәдениет үйінде орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Дін және жастар» атты дөңгелек үстел өткізілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Ісшара барысында Шу қаласы «Жәми» мешітінің имамы Әміреев Бахтияр Амантайұлы «Деструктивті діни ағымдардың шығу тарихы» тақырыбында маңызды ақпараттармен бөлісті.
Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Абдиева Зарина Алғабекқызы «Дәстүрлі емес ағымдары зардабы» тақырыбында баяндама оқыды. Жамбыл облысы ДПЗО ның Шу ауданының инспекторы Нұрлыханов Бақыт Базарбайұлы жастардың дінге деген көзқарасына ғылыми тұрғыда сараптама жасап өтті.
Сонымен қатар, ісшараға Шу ауданы ардагерлер алқасының мүшесі Бейсенбаева Дәнен апамыз, жастар ресурстық орталығының инспектор теологы Смаилов Мырзабек Жұмабекұлы қатысып, жасөспірімдер өміріне теріс діни ағымдардың тигізер зардаптары туралы айтып өтті. Оқушылар да өз кезегінде өз ойлармен бөлісіп, түрлі сұрақтарына ұтымды жауап алды.