Медициналық оңалту — денсаулық сақтаудың ажырамас бөлігі

0 4
Халықтың денсаулығын сақтау мен нығайтуда медициналық, әлеуметтік тиімділікті арттырудың кеңейтілген мүмкіндіктері  денсаулық сақтау жүйесіндегі жетекші орындардың біріне оңалту мәселелерін қойды.   
COVID — 19 пандемиясы қазіргі кезеңде медициналық оңалтуды дамыту және жетілдіру қажеттілігін растады.
Облыс орталығында көркем аймақта мультидисциплинарлық команданың дайындалған кадрлық әлеуеті бар облыстық оңалту орталығы (бұрынғы –«Ана мен баланы» оңалту орталығы) орналасқан. Аталған орталық – облыстағы  медициналық оңалтуды ұйымдастырудың негізгі үйлестірушісі.
Орталық 1985 жылы салынған, ғимараттың тозу деңгейі жоғары, толық күрделі жөндеу жүргізуді және жаңа заманауи формат талаптарына сәйкес қалпына келтіруді қажет етеді.
Орталықтың аумағы бұрынғы ғимаратқа көше отырып, қосымша оңалту орталығының заманауи корпусын салуға мүмкіндік береді (3,5 га жер учаскесі бар).
Өтпелі жолдары бар қосымша корпус салу — халықтың барлық жас топтарының әртүрлі аурулар, хирургиялық араласулар кезінде медициналық оңалтудың кең спектрін алуға қолжетімділігін арттырады.
Бүгінде орталықтың жобалық-сметалық құжаттары  дайындалуда, жақында мемлекеттік сараптамадан өтуге берілетін болады.
Жалпы, күрделі жөндеу мен қосымша корпустың құрылысы аяқталғаннан кейінгі басты мақсат — пациенттің өмір сүру сапасын жақсартудағы қолжетімділікті, жұмысқа қабілеттілікті сақтауды, сондай-ақ әлеуметтенуді қамтамасыз етіп, мүгедектікті төмендету  және  оның алдын-алуға бағытталатын болады.
    Ә. Қалиев
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Leave A Reply

Your email address will not be published.