Тараз қаласында «ASPARA FASHION WEEK»  жобасы аясында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

0 81

Тараз қаласында ASPARA FASHION WEEK  жобасы аясында аралас режимде «Қазақтың ұлттық киімі және әлемдік көзқарас» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Онда  Голландия, Ресей, Кувейт, Татарстан, Түркия, Германия, Франция, Ұлыбритания, Швеция, Венгрия, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен  және Қазақстаннан 30-дан астам қатысушылардың  баяндамалары талқыланды. Оның үстіне қатысушылар легі сол елде тұратын этникалық қазақтар.

Біз көшпенділер киімінің ежелгі дәстүрлерін құрметтеп және қастерлеп сақтаймыз. Дегенмен, оны өскелең ұрпақ арасында насихаттап, күнделікті өмірде сақтау үшін, басқа елдердің дизайнерлерінің шығармашылық көзі ретінде пайдалану үшін оны заманауи өмір салты тұрғысынан мақтаныш және практикалық мәселеге айналдыруымыз керек. Бұл өте  өзекті тақырып, өйткені ұлттық киім  ұлттық мұрамыздың басқа құрамдас бөліктері сияқты әр дәуірде өзгерген, қазір де өзгеруде.

Жыл сайын әлемдік қоғамдастықта сән апталығының екі маусымы өтеді. Әр маусым мінсіз технологияларды, инновациялық маталар мен практикалық тігін керек-жарақтарын және т.б. ұсынады. Заманауи рухпен сусындаған ұлттық киім – «неофольклор» да дәстүрді сақтай отырып, үрдіске сай өзгереді. Мұндай киім көшпелілер мәдениетінің философиясы мен Еуропаның практикалық мүмкіндіктері арасындағы нәзік сызықты сақтауы керек. Оның өзіндік ерекшелігіне байланысты тұтынушылардың таңдауы бойынша сұранысқа ие болатыны сөзсіз. «Нео-фольклор» стиліндегі киім аймақтық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, ассортиментте жобалануы керек. Мұны динамикалық және бәсекеге қабілетті нарық талап етеді. Осындай пайымдаулардан кейін киім үлгісін жасаушы мамандар мен ұлттық киімінің одан әрі дамуына бей-жай қарамайтын шетелдік мамандардың басын біріктіру идеясы туды.

Конференцияның мақсаты – этникалық мотивтерді заманауи сән үрдістерімен ұштастыру тәжірибесімен бөлісу, сондай-ақ заманауи қазақтың ұлттық киімін жаһандық әлемде дамыту үшін бірыңғай алаң құру.

Leave A Reply

Your email address will not be published.