Пилоттық жобаның нәтижесінде Қостөбе ауылындағы бір отбасының табысы 4 есеге артқан

0 16

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықтың табысын арттыру мәселесіне баса назар аударып, нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Бұл бағытта Жамбыл облысында әлеуметтің ахуалын жақсартуға арналған пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Осыған дейін аталған жобаға 2478 тұрғын қатысқан. 11 жаңа ауылшаруашылығы кооперативі ашылып, тұрғындар табыс табудың жаңа мүмкіндіктерін пайдалануда. Солардың бірі Байзақ ауданындағы «Қостөбе-2019» кооперативі,-деп жазады «ZhambylNews» АА.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты қолға алынған пилоттық жобаға 10 ауданнан 11 ауыл енген. Олардың қатарында Қостөбе ауылдық округі де бар. Мұнда тұрғындар үшін бес бағыт бойынша 1,6 млрд теңге бөлініп, жеңілдетілген несие беріліпті. . Ал «Қостөбе-2019» кооперативінің құрамына 178 тұрғын кірген. Бүгінде 401,0 га ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді игеру үшін 12 бірлік техникасы сатып алынған екен. Бұдан бөлек кооператив құрамына кіретін «Алмас» жеке кәсіпкерлігі 7 бас жылқы, «Айдын» жеке кәсіпкерлігі 9 бас мүйізді ірі қара сатып алыпты:

-Қаламен іргелес жатқан Байзақ ауданы кез-келген кәсіппен айналысуға ыңғайлы, әрі өнім өткеруде қиындықтар туындамайды. Сапалы , табиғи азық-түлікке үнемі сұраныс бар. Пилоттықұ жоба қолға алынған кезде екінші бағыт, мал шаруашылығымен айналысу үшін несиеге қол жеткіздім. Нәтижесінде 9 бас бұқа сатып алып бордақылауды бастаған болатынмын. Үш жылдың ішінде әжептеуір табыс таптым. Қазір еттің әр келісін 2100 теңгеден өткеріп жатырмыз дейді «Айдын» ұжымының жетекшісі.
Аталған жобаның нәтижесінде Қостөбе ауылындағы бір отбасының табысы 4 есеге артқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.