Мойынқұм ауданында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті

0 20
Мойынқұм ауданында  Бірлік, Кеңес, Биназар ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Бұл кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес жүргізілуде. Жарлықта ауыл, ауылдық округ, аудан әкімдері тоқсан сайын тұрғындармен кездесіп, халықтың мұң-мұқтаждарын тыңдайтын болады. Осыған байланысты аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов Бірлік, Айдарлы, Биназар ауылдарында жиын өткізді.
Жиындарда ауыл тұрғындары ауыз су, егін су, газ мәселесі, ветеринария саласына, жүгері шабатын комбайн берілсе және ауыл маңайындағы жайылымдық жерлерді реттеу сынды мәселелерді көтерді.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов қойылған сұрақтардың бәрі хаттамаға түсіріліп, күрмеуі қиын мәселелердің басшылыққа алынатындығы, ол бойынша алдағы күндері жұмыс жүргізілетіндігін жеткізді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.