Сербия мемлекетінің, Врбас қаласында бокстан кадеттер арасында халықаралық турнирде Шу ауданынан Мадияр Ердосұлы топ жарып, алтыннан алқа тағынды.
Сонымен қатар Шу ауданының әкімі Сәкен Қаланұлы қабылдап, Мадиярды жеңісімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Айта кетейік, , жалпы чемпиондық атаққа 18 мемлекеттің жасөспірім былғары қолғап шеберлері таласқан додада Шу ауданы, Төле би ауылының тұрғыны, Бексұлтанов Мадияр Ердосұлы 80 келі салмақта өнер көрсеткен.