Кездесу барысында Мейіржан Телеушов Жолдауда айтылған маңызды тұстарға тоқталды.
-Жолдауда айтылған жастарға жағдай жасау, олардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыспен қамтылуы, төмен пайызбен несие алуы сияқты міндет-ұсыныстар алдағы уақытта жүзеге асатын болса, қоғамның жастар бөлігі бірқатар жеңілдікке ие болар еді.
Мемлекет басшысы Жолдауда жатақхана мәселесі мемлекет мойнындағы жауапкершілік ретінде қала беретінін айтты. Осы орайда жеке меншік жоғары оқу орындарындағы жатақхана мәселесіне мемлекет тарапынан қолдау жасалатындығы да орынды. Бүгінде жастардың алдында үлкен міндеттер тұр. Олар өз білімін ары қарай ел келешегінің дамуына арнап, экономиканың қай саласында болмасын еңбек етуді қалайды.
Сонымен қатар Президенттің балаларға 18 жасқа толғанға дейін арнайы шот ашып, оның алдағы уақытта сапалы білім алуына мүмкіндік жасауы туралы ұсынысы болашаққа жасалған капитал, бұл көптеген қолдауға мұқтаж отбасылар үшін үлкен жеңілдік. Президент Жолдауында бес бағдар бойынша көтерген мәселенің барлығы да жұртшылықтың көкейінде шешімін таппай жүрген көптеген түйткілді жайттарды іске асыруға мүмкіндік береді,-деді.