Жамбыл облысының өрт сөндіруші-құтқарушыларына тұрғындар алғыс білдірді

0 22

2022 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 17.16-да Жамбыл облысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «101» қызметіне Байзақ ауданы, Бурыл ауылындағы тұрғынүйдің ауласындағы ашық алаңда жиналған шөптің өртке оранғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына шұғыл түрде Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіру автотехникасы мен 9 адам жеке құрам шығып, өрт сөндіру жұмыстарын жүргізген. Өрттің ауданы 50 шаршы метрді құраған. От жауынгерлері кәсіби әрі жедел әрекет етудің арқасында шөпханаға жақын орналасқан үй мен сарайға өрттің таралуының алдын алды.

Үйді өрттен құтқарып қалған өрт сөндірушілерге үй иесі шынайы алғысын білдірді. Алайда, өрт салдарынан 400 түк шөп жойылды.Қуанышқа орай, аталған өрт оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.