Тұрар Рысқұлов ауданының  әкімі бірқатар бой көтергелі отырған құрылыс нысандарын аралады

0 17

Тұрар Рысқұлов ауданының  әкімі Ернар Есіркепов аудандық техникалық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып бірқатар бой көтергелі отырған құрылыс нысандарын зерделеді.

Ең алдымен «100 жаңа мектеп» мемлекеттік бағдарламасы аясында Құлан ауылында салынатын 600 орындықты білім ошағының таңдалған жер телімін көрді. Жаңа мектептің құрылыс орнын ауданның әлеуметтік желі парақшасына жариялау арқылы көпшіліктің назарына ұсынылған болатын.

Келесі кезекте аудан орталығын көркейту мақсатында әрі тұрғындар үшін спорттық сауықтыру бағытында қолға алынып отырған саябақты қайта жандандыру жұмыстары аясында кеңес мүшелерімен кеңесе отырып жоспарлады.

Және жұмыс сапары соңында Көгершін ауылында “Ауыл — ел бесігі” мемлекеттік жобасында құрылысы басталған 90 орындықты мәдениет үйінің және спорттық-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысын көрді.

Жұмыс сапары барысында бірқатар мәселелер көтеріліп, олардың шешу жолдары қарастырылды.
Аталған құрылыс нысандары бойынша жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.