Жуалыда жаңа Емхана ашылды

0 9

Жуалы ауданында созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен (хроническая почечная недостаточность терминальная стадия) ауыратын пациенттерге арналған әлемдік деңгейдегі «ТОО Нефрос Азия» атты емхана ашылды. Әлемдік деңгей деуіміздің себебі, бұл емхананың филиалдары әлем бойынша бар. Оның штаб пәтері Швеция мен Германияда орналасқан. Неміс дәрігерлері жылына бір рет Қазақстанға келіп, емхана мен науқастардың жағдайын қадағалап отырады.

Емхананың Қазақстан бойынша өңірлік директоры, жеке кәсіпкер Роза Алиджанова, генеральный директоры, жеке кәсіпкер Амантұр Рысқұлов, ал медициналық директоры Жанар Мұрсалова. Қазір Қазақстан бойынша барлығы 51 филиалы бар. Ал Жамбыл облысы бойынша Тараз қаласында және Сарысу мен Жуалы ауданында барлығы үш филиал бар.

Емхананың ашылу салтанатына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшының орынбасары Хамит Мұрзақасымов, аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Батырбек Усенбаев, аудандық сантариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау және бақылау бөлімінің бас маманы Назипа Әзімбекова қатысты. Олар емхананың және пациенттердің жағдайымен толық танысып шықты.

 Емхана өзінің алғашқы пациенттерін қабылдап бастады, қазір 15 пациент ем қабылдайды. Бұл емделушілер мемлекеттік портал арқылы келген. Емі, дәрілері мен тамақтары бәрі тегін. Олар аптасына үш рет төрт сағат осында келіп, барлығы 12 сағат емін қабылдайды. Емнен бөлек бір мезгіл тамағын да ішеді. Сондай-ақ, емхананың жүргізушісі оларды үйінен алып кетіп, қайта апарып тастайды. Яғни, емделушілер үшін барлық жағдай жасалған. Пациенттер жататын төсек арнайы пультпен жұмыс істейді. Сонымен қатар, олар системасын алғанда уақыт өтуі үшін әр төсектің жанында арнайы планшеттер бар. Сол планшетпен ютубтан кино немесе қалаған бағдарламаларын қарай алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.