Құландықтар Еңбек ерін еске алды

0 8

Еңбеккерлер күніне орай құландықтар Еңбек ері Сайрамбай Дөненбаевты еске алу шарасын ұйымдастырды. Жиында шаруаның шырайын кіргізіп қана қоймай туған өлкенің түлеуіне үлес қосқан азаматтың атқарған жұмыстары, қалдырған ізі туралы айтылды.

Сайрамбай Дөненбаев Тұрар Рысқұлов ауданы Жарлысу ауылының тумасы, «Шәушен» шаруа қожалығының негізін қалаушы азамат. Тәуелсіздік алған тоқырау жылдары төрт түліктің басын құрап, қарапайым шопаннан, алып шаруа қожалық иесіне айналған еңбек адамы. Құланның қоңыр даласын малға толтырған Сайрамбай Дөненбаев, өзінің еңбек жолын қарапайым шопанның көмекшісі болып бастаған. Бүгінгі кездесудің көздегені, өзі кетсе де ерен еңбегін кейінгі жастарға үлгі ету.

«Шәушен» шаруа қожалығы мен Құлан агротехникалық жоғары колледжі бүгінде тығыз байланыс орнатқан тұрақты әлеуметтік серіктес. Колледж студентттері дуальдық оқыту жүйесі бойынша келісім — шарт негізінде кәсіптік тәжірибеден өтеді. Шаруа қожалықтың білгір қызметкерлері тәлімгер болып тағайындалған. Тәжірибеден өту барысында студенттерге еңбек ақы да төленеді. Сайрамбай Дөненбаев көзі тірісінде туған жерін жақсартуға аянып¬ қалмады. Ауыл тұрғындарының игілігі үшін 300 орындық асхана, тұрғын үй¬ кешендері, зәулім мешіт және медресе салып берді. Бүгінде жарлысулықтар жақсы істің куәсі болып, ізгіліктің игілігін көріп отыр. «Ашаршылық құрбандары мен¬¬ Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне» арналған арнайы ескерткіш аллеясын да¬ ашты. Жарлысу ауылында 92 орындық «Тәттім-бүбі» балабақшасын ашып, сол аймақтағы «Тау-қымыз» емдеу-сауықтыру орталығын пайдалануға берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.