Аппараттың кезекті отырысы өтті

0 10

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің Әлихан Балқыбековтің төрағалығымен аппараттық кеңестің отырысы өтті. Оған аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жиында облыстық, аудандық хаттамалардың орындалуы, аудан елді мекендеріндегі Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, мал ұрлығы, қараусыз жүрген малдардың иесіне айппұл салу жұмыстары, күзгі екі айлық көріктендіру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарының жүргізу барысы, көлік салығының орындалуы және отбасылық цифрлық карта мен медициналық сақтандыру жұмыстары туралы мәселелері қаралып, талқыланды.

Кеңес отырысын қорытындылаған аудан әкімі Әлихан Балқыбеков аталған мәселелер бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдерінен сұрап біліп, нақты тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.