Мойынқұм ауданы  прокуратурасы мәжіліс өткізді

0 68
Мойынқұм ауданы  прокуратурасы аудан әкімдігінің мәжіліс залында Мойынқұм ауданы аумағында 2022 жылдың өткен мерзімінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша мобильдік топтармен атқарылған және алдағы уақытта атқаратын жұмыстары бойынша мәжіліс өткізді.
Аталған мәжіліске аудан әкімі Ә.Балқыбеков, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Ү.Айнақұл, білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаев, мектеп директорлары мен психологтар және мобильдік топ мүшелері қатысты.
Аталған мәселе бойынша аудан прокуроры И.Тойшыбеков жиналысты бастап, ал орын алған кемшіліктер мен заң бұзушылықтар бойынша аудан прокуратурасының аға прокуроры А.Кененбаева баяндама жасады.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша атқарылған жұмыстар жайлы мобильдік топтардың есептері тыңдалып, айтылған мәселелер мен тапсырмалар назарға алынып, хаттамаланды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.