Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, ауыл тұрғындарымен кездесулер жалғасуда

0 7

Тұра Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев Қайыңды, Тереңөзек және Ақыртөбе ауылдық округтерінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесті,-деп жазады Zhambylnews.


Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында Қайыңды ауылына барар жолдағы облыстық мәндегі жолды жөндеу, сондай-ақ ауылдың ішкі жолдарын жөндеу, Сөгеті және Мамай ауылдарына таза ауыз су жеткізу, жер телімін алу, оңалту орталығын ашу мәселелері көтерілсе, Тереңөзек ауылдық округі тұрғындары тарапынан көше жарығы, Тереңөзек ауылындағы Жамбыл орта мектебіндегі оқушылардың сыйымдылығы, Көкарық және Шолақ-Қайыңды елдімекендерінде жаңа білім ошақтарын салу, қаңғыбас иттерді аулау, Шолақ-Қайыңды ауылына көгілдір отын жеткізу, кварц өндіру орнының мәселесі және ауыл ішіндегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелері көтерілді.
Ал Ақыртөбе ауылдық округінің тұрғындарының тарапынан Ақыртөбе елдімекеніне мәдениет үйін және спорттық сауықтыру кешенін салу, таза ауыз су мәселесі, каналдарды тазалап, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу туралы сауалдарын жеткізді.
Жиыннан соң әкім орынбасары ауыл азаматтарын жеке сауалдарымен қабылдады.
Ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген әр мәселе назарға алынып, сәйкесінше алдағы уақытта тұрғындардың талап-тілегі кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.