Тұрар Рысқұлов ауданында «Абайлаңыз поезд» атты апталық акциясына орай, темір жолға жақын орналасқан Малдыбай орта мектебінде «Теміржол қауіпті аймақ» тақырыбы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді,-деп хабарлайды Zhambylnews.
Іс-шара барысында Малдыбай станциясы бөлімшесінің бастығы Қарабаев Сәбит мырза мен аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция инспекторы, полиция капитаны Септесін Жәдігер Қуанышұлы бірлесе отырып, қатысушылардың назарына тақырып аясында кеңінен мағлұматтар ұсынумен қатар мысалдар келтіре отырып, кең ауқымда дәріс өткізді.
Бұл жедел профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты — темір жол обьектілерінде тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау және болдырмау. Темір жол аса қауіпті аймақ болғандықтан, темір жол бойында орын алатын жазатайым деректерді алға тарта отырып, теміржолдың белгіленбеген жерлерінде теміржол арқылы өтуге, темір жолдардың рұқсат етілмеген жолағында мал жаю, табынды мал айдап өту қағидаларын бұзған жағдайда ҚР ӘҚБтК 559 бабының 5 және 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатындығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.