«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті

0 80

ҚР ІІМ ҚАЖК «№58 мекеме» Республикалық мемлекеттік мекемесінен сотталған Қ.Б. жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыруына байланысты  «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатуға дайындық кезеңінде бағдарламаға сәйкес психологиялық, медициналық, әлеуметтік- құқықтық көмек, еңбекке және тұрмыстық орналастыру, отбасымен оң байланыстарды нығайту мәселелерінде тәрбиелік іс-шаралар жүргізілді. Сотталғанмен босатылатын күніде қолдау және консултациялық көмек корсету шеңберінде, оны одан әрі әлеуметтік бейімдеу бағытын әзірлей отырып, мекемеге Тараз қаласының жұмыспен қамту орталығынан біллікті маман және Тараз қалалық №3 пробация қызметінен қызметкер шақыртылды.

«Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы кезінде: оңалтуға жәрдем көрсететін мемлекеттік мекемелердің байланыс деректерін, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелу, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау орындарында есепке кою және т.б. тәртібін қамтитын жаднама табыс етілді. Бостандыққа шыққан сотталғанды қақпа алдында ұзақ уақыт бойы бостандықта сағына күтіп жүрген бауырлары мен достары қуана қарсы алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.