Өткен аптада аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ш.Исабековтің төрағалығымен аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Бірінші мәселе бойынша, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің қысқа дайындығы туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаевтың хабарламасы тыңдалды. Аталған мәселе бойынша, қоғамдық кеңес мүшелері А.Айдаров, И.Хасанова, Ш.Исабековтер М.Әуезов атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталуы, мектептер мен балабақшаларға көмір түсіруді қатаң қадағалау, Т.Рысқұлов тірек мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарының кеш басталуына алаңдаушылық білдіріп, тұрақты бақылауды қажет ететіндігін айтты.
Бұдан кейін аудан бойынша мәдениет саласына қарасты мекемелердің қысқа дайындығы туралы, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Мұқашевтың хабарламасы тыңдалды. Аталған мәселе бойынша, қоғамдық кеңес мүшелері Ғ.Шубаева, Е.Нәдірғожин, Ш.Исабековтер мәдениет ошақтары мен кітапханаларға көмірдің уақытылы жеткізілуін, күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін нысандарға жобалық-сметалық құжаттарды уақытылы даярлау, Ақсүйек ауылындағы кітапхананы басқа жайға көшіру қажеттілігі айтылды.
Үшінші мәселе бойынша, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.Тынышбековтің мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету туралы хабарламасы тыңдалды.
Аталған мәселе бойынша қоғамдық кеңес мүшесі Т.Рыстанбаева пікір білдіріп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Аудан әкімінің орынбасары С.Төлегенов күн тәртібіндегі мәселелер бойынша, қорытынды сөз сөйледі.
Сондай-ақ қоғамдық кеңес құрамы мен тұрақты комиссиялар құрамдарына өзгерістер енгізілді.
Отырысты аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ш.Исабеков қорытындылады.