Мойынқұм ауданында «Қазақ елі менің -Отаным» атты салтанатты мерекелік жиын өтті

0 8
Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде 25 – қазан Республика күніне орай «Қазақ елі менің -Отаным» атты салтанатты мерекелік жиын өтті.
Жиында аудан әкімі Әлихан Балқыбеков аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.
-Қадірлі жерлестер! Еліміздің әрбір азаматы үшін айтулы мереке болып табылатын – Республика күні құтты болсын. Бұл мерекенің еліміздің егеменді мемлекет болып қалыптасу жолында тарихи маңыздылығы өте жоғары әрі құнды деп білемін. Азаттық пен бостандықтың бастауы болған басты мерекені ұлықтау, ұрпаққа насихаттап, болашаққа аманттау – біздің ортақ парызымыз әрі қасиетті борышымыз.
Тұтас елдің, күллі қазақ халқының арманы орындалған Ұлы күні – Ұлттық мерекеміз баянды болсын. Егемен еліміз бірлік пен берекені, ынтымақ пен татулықты Ту етіп, Тәуелсіздігіміздің тұғыры мәңгілік болсын деп тілеймін! – деді аудан әкімі.
Мерекелік жиында ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі үшін бірқатар азаматтар облыс, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен, аудандық мәслихаттың Құрмет грамаотасымен және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Жиын соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының мерекелік ән шашуына ұласты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.