Жуалы ауданында «Республика күні»  мерекесіне орай «Өнеріміз саған Қазақстан!» атты достық фестивалі өтті

0 32

Жуалы ауданында 25 қазан «Республика күні»  мерекесіне орай «Әулиеата жастары өңірлік» бағдарламасы аясында «Өнеріміз саған Қазақстан!» атты этнос өкілдерінің қатысуымен достық фестивалі өтті.

Шараның мақсаты: этнос аралық тұрақтылықпен татулықты сақтай отырып, өз елінің тілін, мәдениетіне, салт – дәстүріне құрметпен қарауға, ұлтаралық қарым – қатынасты нығайту мақсатында жас ұрпақты тәрбиелеу.

Шараны №16 Жуалы колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Бекбаев ашып, фестивальге қатысушы өнерпаздарға сәттілік тілеп, өз өнерлерін көрсетуші шығармашыл жастарды белсенділік танытуға шақырды.

Фестивальде әділқазылық еткен «Нығмет» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Шарапат Батырбекқызы, «Жастар ресурстық орталығы мекемесінің» КММ этномәдени бірлестіктермен жұмысты үйлестіруші инспекторы Элмира Суинбаева, №16 Жуалы колледжінің ұлттық орталықтармен жұмысты ұйымдастырушы ұстаз – Елена Нелюбова әділқазылық жасады. Мерекелік шараға 3 этномәдени орталық төрайымдары қатысты. «Мехрибан» әзірбайжан ұлттық орталығынан Мамедова Эсмира Гашанқызы, «Бахор» өзбек ұлттық орталығынан З.Мажитова, «Славян» ұлттық орталығынан – Ирина Протасова қатысып, мерекемен құттықтады.

Шарада этномәдени бірлестіктер өкілдерінің жастары өнер көрсетіп бақтарын сынады. Фестиваль талаптары бойынша:

Бірінші кезең: «Таныстыру» әр ұлт өкілдері  өздерін, шыққан тегін,  таныстырады.

Екінші кезең: «Салт – дәстүріме құрметпен қараймыз»

Үшінші кезең: «Өнерлі жетер биікке

Аталған шараның кезеңдері бойынша фестивальге қатысушы жастардың дайындықтарын кезеңдер арқылы тамашалап, қорытындылай келе, өз өнерлерін тамаша үздік көрсеткен өнерпаздар марапатталды. Нәтижесінде «Славян ұлт өкілдерінің» құрама командасы, «Қазақ ұлты» командасы, «Әзірбайжан ұлт өкілдерінің» командалары бағалы сыйлықтармен мекеменің дипломдарымен марапатталды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.