Еңбек — бәрін де жеңбек

0 26

“Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ” деген халық даналығы. Бұл өмірде кінәлі болып, күнәға батқандардың өткен ісіне өкінетіні де өмір заңдылығы болса керек. Әрине жазықсыз жанды тектен-текке жазалауға біздің заңдарымыз ешқандай жол бермейтіні анық. Құқықтық мемлекетімізде түзеу реформасы жүзеге асырылып жатыр. Осы сала бойынша ізгілендіру, қоғамға қайта бейімдеу қадамдары да жүріп жатыр.

Еліміздің жарқын болашағын ойлаған ізгі қадамның алғашқы нәтижесін біздің қатаң тәртіптегі мекемеден көргендей боласыз. ҚР ІІМ ҚАЖК «№58 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесі де бұл орайда қалыс қалмай, қоғамға пайдалы өз үлестерін барынша қосуда.

Мекеменің аумағында бүгінде 13 жеке кәсіпкер өз жұмыс орындарын ашып, 236 сотталған азаматтарды жұмыспен қамтып отыр. Жеке кәсіпкерліктердің жұмысының негізгі бағыттары ол ағаш пен темір бұйымдарын жасау болып табылады.

Мұндай маңызды бастама жазасын өтеушілерді еңбек арқылы қоғамға бейімдейтіні анық. Жазасын өтеп, жұмыспен қамтылғандар қолөнердің хас шеберіне айналып келеді. Жасаған еңбегіне ақы төлеу арқылы, біз сотталғанның қоғамға керек екендігін, басқа адамдар сияқты дұрыс өмір сүріп, түзеле алатындығын мойындатамыз.

 ҚР ІІМ ҚАЖК «№58 мекеме»

РММ СЕҰБ аға инспекторы

әділет капитаны

С.А. Буралкиева

Leave A Reply

Your email address will not be published.