Т.Рысқұлов ауданында мектеп оқушыларымен жиын өтті

0 4

Т.Рысқұлов ауданы прокуроры А.Арыстанбековтың бастауымен кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында аудан прокуратурасының бастамасымен жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу, олардың арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау, тәрбиелік мәні бар құндылықтарды насихаттау мақсатында мектеп оқушыларымен жиын өтті.

Аталған іс-шара Т.Рысқұлов ауданы прокурорының орынбасары Наурызбаев Шыңғысхан Сайлаубекұлының төрағалығымен өтті.

Аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы Д.Жанасов мектеп оқушыларына аудан аумағында ұрып-соғу, ұрлық, алаяқтықпен алдау әрекеттеріне барған жасөспірімдер туралы мысалдарды келтіріп, мағыналас жағдайлардан аулақ болуын және ондай іс-әрекеттер бойынша құқық қорғау органдарына дер кезінде хабар беруді, түнгі уақытта сағат 22:00-ден кейін ата-анасыз жүруге, мектептегі сабақтарды себепсіз өткізуге болмайтыны, жалпы қазіргі таңда мемлекет тарапынан жасалып жатқан барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, білім мен ғылымды, өнер мен спортты ұштастыра отырып, өзін дамыту жолында еңбек ету қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, нашақорлық жағдайларына аудандық орталық аурухананың нарколог дәрігері З.Келеманова ерекше тоқталып өтсе, ауданның орталық мешітінің бас имамы С.Джадраев жасөспірімдер арасында өзіне өзі қол жұмсау дерегінің көбеюіне байланысты суицидке барудың ислам дінінде ең ауыр күнә екенің және шариғатымызда тыйым салынған мәселелерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Алдағы уақытта осындай кездесулер әр ауылдық округте өз жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.